ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК бойынша АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУ

08.00 - 17.00 (Мск)

Дс - Жм

Жұмыс істейміз, бүкіл Ресей

мен ТМД елдері!

Қала сыртындағы үйлердің жылуы қайда кетеді?

Қала сыртындағы үйлердің жылуы қайда кетеді?

Үйдің тепловизиялық түсірілімі анықтайтын мәселелердің негізгі бөлігі қала сыртындағы коттедждердегі жылудың кету себептерін түсінуге мүмкіндік береді.

«Энергетикалық тиімділік жөніндегі аймақтық басқарманың» мамандары өздерінің көп жылғы еңбек өтілдері негізінде жылу кетуге себеп болатын қала сыртындағы үйлер құрылымының 4 осал жерлерінің тізімін құрастырған.

Есікктер мен терезелер

Заманауи технологияларға сәйкес есіктер мен терезелердің блоктарын, үлкен аумақты құрылымдарды орнату құрастыру көбігінің көмегімен жүзеге асырылады.

Есік пен терезе қораптары арасынан, тесіктерден жылудың кетуі құрастырушылардың келесі қателіктерінен болады:

ғимаратқа суық ауа енетін толтыру кезінде қалған бос орындар;

көбікте ультрафиолет сәулеленуінен қорғаныстың болмауы, сол себеппті көбік тез бұзылып, қиыршықталаы;

көбікті күн көзінің теріс әсерінен қорғайтын сыртқы беткейлерді уақытында орнатпау.

Шатыр

Сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарын ойлай отырып, болашақ үй иелері шатырды ұмытып кетеді.

Физика заңы бойынша жылы ауа жоғарыға қарай ұмтылады, яғни шатырға.

Егер үйдің жылу және гидрооқшаулауы (құрылысты су әсерінен қорғау) ережені бұзушылықпен орындалған болса, онда жылу үйден шатыр арқылы шығады.

Осындай жағдайлар шатыр асты кеңістікке тепловизиялық түсірілім жасағанда анық тіркеледі.

Сыртқы қабырғалар

Қоршау құрылымдарры арқылы жылудың кетуі екі себептерге байланысты болады:

қабырғаның ауытқуы – бір қатар салынған бөренелер қимасының төменгі жағындағы саңылау, жылытатын материалдардағы бос орындар бұрыштардан, еденкемерден, еденнен жел соғуға әкеледі;

қабырға ақаулары – сапасыз жылытқыштар құрастыру, бу мен желден қорғағыш жұқа қабықшаны дұрыс таңдамау.

Жасырын ағып кетулер

Үйдің тепловизиялық түсірілімі басқа тәсілдермен анықталмайтын жасырын ағып кетулерді анықтауға мүмкіндік береді.

Су жылыту құбырларын салуда, сумен қамтамасыз етуде, жылы едендерді қалағанда жіберілген сыртқы қабырғалардың ақауларынан пайда болуы мүмкін.

Сұйық жүйелердің герметикалық емес қосылыстары судың кетуіне, сәйкесінше жылудың кетуіне де әкеледі.